«Жібек жолы» жаңа кемесі Қазақстанның құрғақ жүк таситын флотын толықтырады

А.ж. 12 шілдеде 7000 тонна дедвейтпен «Жібек жолы»  құрғақ жүк таситын кемесі ресейлік  Шлиссельбургте суға түсірілді. 

Жаңа кемені түсіру салтанатты рәсіміне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Асқар Мамин, РФ көлік министрінің орынбасары  Виктор Олерский,  Ленинград облысының губернаторы  Александр Дрозденко қатысты.   

Іс шара қатысушыларының алдында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А.Мамин сөз сөйледі.

Ол Елбасының Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін арттыру, ҚР құрғақ жүк таситын флотын дамыту,  «Нұрлы жол» бағдарламасының жобаларын іске асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде осы оқиғаның маңыздылығын атап өтті.        

««Жібек жолы» деген жаңа кеменің атын Қазақстан Президенті Н.А. Назарбаевтың беруі, символ мәнді - деді А.Мамин. – Қазақстанда көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды бағдарлама іске асырылып жатыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиясында оның маңызды элементі теңіз флоты болып табылатын мультимодальдық тасымалдаудың дамуына аса зейін қойылады. 

2013 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ базасында «KTZ Express Shipping» құрғақ жүк таситын компания құрылды. Бидай,  металл өнімдерін және басты жүктердің басқа да түрлерін тасымалдау үшін, 5000 тонна  дедвейтпен 2 құрғақ жүк таситын кеме сатып алынды. Ақтау кемежайы арқылы экспортталатын негізгі басты жүктерді  тасымалдау «өз жүгі – өз кемежайы – өз флоты» қағидасы бойынша жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылы флот «Жібек жолы» және «Атамекен» екі жаңа құрғақ жүк таситын кемелермен толады. 

Ағымдағы жылдың маусым айында Загребте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті А. Мамин және «Ульяник» кеме жасау компаниясының бас директоры Д. Росанда екі жаңа паромның құрылысына келісім-шартқа қол қойды. 

2020 жылға құрғақ жүк таситын флот 20 бірлікке дейін жеткізіледі, ол Ақтау кемежайы арқылы экспортталатын, Каспийге басты жүктерді тасымалдау көлемінің 55% дейін қамтамасыз етеді. 

 «Каспий Шығыс-батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттарындағы халықаралық дәліздердің байланыстырып тұратын буыны болып табылады және өңірдің барлық елдерінің транзиттік әлеуетін іске асыруда маңызды роль атқарады», - деді А.Мамин.

РФ көлік министрінің орынбасары Виктор Олерский бұл оқиғаны «тарихи көршілер – Қазақстан мен Ресейдің арасындағы табысты бірігудің мысалы» деп атады.  Сонымен қатар ол «әртүрлі сегменттерде қазақстандық және ресейлік компаниялардың арасында бұдан әрі  табысты ынтымақтастық» үшін сөз сөйледі.     

Каспий өңірінде өзара пайдалы ынтымақтастығын кеңейту және трансконтиненталдық тасымалдауды бірігіп дамыту бойынша күштерді шоғырландыру барлық қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. 

Жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен іске асырылады.   

«Жібек жолы» жаңа кемені суға түсірген кезде, теңіз дәстүрі бойынша, оның бортына шампанды Махаббат Бекбосынова жарды. М.Бекбосынова -   медицина ғылымдарының докторы, кардиолог. Қазіргі уақытта ол «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ Астанадағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары болып табылады.

comments powered by HyperComments