«Жібек жолы» – Каспий айдынында»

 13.07.2016 

image (1) (2)

Мемлекет басшысы еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру жөнінде келелі міндет қойып отыр. Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тоғыз жолдың торабында орналасқан Қазақстанның жүк тасымалы әлеуетін арттыруға басымдық беріп келеді. Үстіміздегі жылдың 12 шілдесінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ тапсырысымен арнайы жасалған 7500 тонна жүк көтеретін «Жібек жолы» құрғақ жүк кемесі ресейлік Шлиссельбургте суға түсірілді.

Қазақстандық жаңа кемені суға түсіру салтанатына «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Ма­мин, Ресей Федерациясы көлік министрінің орынбасары Вик­тор Олерский, Ленинград облысы үкіметі төрағасының бірін­ші орын­басары – қаржы комите­тінің төрағасы Роман Маркин қатыс­ты. Салтанатты шараға қатысу­шылар алдында «ҚТЖ» ҰК» АҚ пре­зиденті Асқар Мамин сөз сөйледі.

Ол аталмыш шараның Мем­лекет басшысының тікелей тап­­сыр­­масымен атқарылып отырған­­дығын атап көрсетті. Бұл жоба – «Нұрлы Жол» бағдар­ла­ма­сындағы жобаларды жүзе­ге асыру, Қазақ­стан Респуб­ли­ка­сы­ның құрғақ жүк флотын дамы­ту, елі­міздің тран­зиттік көлік­тік әлеуе­тін жетілдіру мақсат­тары­нан туындап отырған маңыз­ды міндет екендігін де тілге тиек етті. «Жаңа кеменің атын Қазақ­стан Прези­денті Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Жібек жолы» деп атауы да тегін емес. Өйткені, Қазақстан мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың даму стра­те­гиясына орай, Каспий инфра­құ­рылымын жетілдіру мен теңіз флотын құру арқылы мультимо­дальдық тасымалдауды жиілетуге баса назар аударылып отыр», деді Асқар Мамин.

2013 жылы құрылған «KTZ Express Shipping» кеме ком­па­ния­сы сыйымдылығы 5 мың тон­налық екі құрғақ жүк кеме­лерін сатып алған болатын. Бұл кемелер бүгінде «Өз жүгі­міз, өз портымыз, өз  флотымыз» қағидасымен ас­тық, металл өнімдері және басқа да құр­ғақ жүктер тасымалдауда.

Биылғы жылы флот екі жаңа кемемен –  «Жібек Жолы» және «Ата­­­­мекен» жүк кемелерімен то­лы­ғады.

Өткен маусым айында Заг­­реб­те «Қа­зақ­стан темір жолы» ҰК» АҚ пре­зиденті А.Ма­мин мен «Улья­­ник» кеме жасау ком­па­-
ния­сының бас дирек­торы Д.Ро­санда қазақстандық сұра­нысқа байланысты екі жаңа паром жасау туралы келісімшарт­қа қол қойды. Осы шараларды іс-жүзіне асыру арқылы 2020 жыл­дар­ға қарай құр­­ғақ жүк тасымал­дау флоты бірлігін жиырмаға жеткі­зіп, Каспий айдынына Ақтау пор­ты арқылы шығатын құрғақ жүк­тің 55 пайызын тасымалдауды қам­ту көзделіп отыр.

«Каспий теңізі Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәліздерін байланыстырушы орталық қана емес, сонымен бірге, ол  аймақтағы елдердің тран­зиттік әлеуетін күшейтуге ықпал етуде де маңызды рөл атқа­рады», – деп атап өтті А.Мамин.

Ресей Федерациясы көлік ми­нистрінің орынбасары Виктор Олерский өз кезегінде аталмыш оқиғаны «тарихи көршілер Қазақ­стан мен Ресей арасындағы табыс­ты интеграциялық үдеріс», деп атады. Ол алдағы уақытта да қазақстандық және ресейлік ком­Өпаниялар арасындағы әртүр­лі саладағы ынтымақтастық бай­ла­ныс­тардың тереңдей түсе­тін­дігіне сенім білдірді.

Каспий аймағындағы өзара пайдалы ынтымақтастықты кеңей­­ту жөніндегі қадамдар және транс­­­кон­тиненталдық тасы­мал­дар­­ды бірлесе дамыту бар­лық қаты­­­су­шылар үшін жаңа мүм­кіндік­­тер ашады. Биылғы жылы Нева кеме жасау және жөндеу кә­сіп­­орнымен әрқайсысы 7500 тон­­на­лық екі көпсалалы құрғақ жүк ке­месін жасау жөнінде келі­сім­­­ге қол қойылды. Жоба Еуропа қай­­­та құру және даму банкінің қол­­­­дауымен жүзеге асырылып отыр.

Жаңа «Жібек жолы» құрғақ жүк кемесінің суға түсірілуіне бай­­­ла­нысты, оның бортына шам­пан сындыру дәстүрін Махаб­бат Бек­­босынова атқарды. М.Бекбо­сы­нова медицина ғылым­дарының докторы, кардиолог. Қа­зіргі кезде ол Астанадағы «Ұлт­тық ғылыми кар­диологиялық орта­лық» АҚ бас­қарма төрағасының бі­рін­ші орын­басары болып қызмет атқарады.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

https://egemen.kz/2016/07/13/50968

 

comments powered by HyperComments