ЖАҢА ӨСКЕМЕН СТАНЦИЯСЫНАН ТҮРКИЯНЫҢ ДЕРИНДЖЕ ПОРТЫНА КОНТЕЙНЕРЛІК ПОЙЫЗ ЖӨНЕЛТІЛДІ

ЖАҢА ӨСКЕМЕН СТАНЦИЯСЫНАН ТҮРКИЯНЫҢ ДЕРИНДЖЕ ПОРТЫНА КОНТЕЙНЕРЛІК ПОЙЫЗ ЖӨНЕЛТІЛДІ

Қазақстанның Жаңа Өскемен станциясынан түрлі-түсті металл тиелген бірінші контейнерлік пойыз Түркияның Дериндже портына жөнелтілді.

 

Түрлі түсті метал – жүк тиелген 20 футтық 88 контейнерден тұратын пойыз Транскаспийлік көлік бағдары (ТХКБ) бойынша Құрық порты және Каспий теңізінің су айдыны арқылы жүріп өтеді. Жүкті Стамбулға дейін 15 күн ішінде жеткізу жоспарлануда.

 

«Біздің компания бірқатар басымдылықтары бар Транскаспийлік дәліз арқылы контейнерлік тасымал көлемін арттыруды көздеп отыр. Бұл бірінші кезекте Құрық портының инфрақұрылымын пайдаланумен байланысты жеткізу мерзімін екі есе қысқарту, әрі өнімнің  бәсекеге қабілеттілігін арттыру деген сөз. Тасымал көлемін көбейте отырып ай сайын тұрақты түрде бір контейнерлік пойыз жіберу жоспарланып отыр», - деп мәлімдеді «KTZ Express –KTZE Operator» АҚ филиалы директорының контейнерлік тасымал бойынша орынбасары Г. Жүсіпова.

 

2017 жылдың қазан айынан бастап Құрық порты арқылы Қазақстанның солтүстік өңірлерінен Түркия бағытында дәнді дақыл тасымалы ұйымдастырылды.

 

Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарында тиімді логистикалық сервис құру мақсатында жүк жөнелтушілерге  темір жол, теңіз көлігі қызметтерін тарта отырып және қазақстандық көліктік-логистикалық инфрақұрылымды қолданатын контейнерлік жеткізілімнің мультимодальды схемасы ұсынылды.

 

«KTZ Express» АҚ баспасөз қызметі

 

 

comments powered by HyperComments