САУАТ МЫҢБАЕВ ҚОРҒАС ХАБЫ НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ

САУАТ МЫҢБАЕВ ҚОРҒАС ХАБЫ НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев Алматы облысына жасаған сапары барысында қорғастық көліктік-логистикалық хабының нысандарын аралап көрді. Нысандар Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға контейнерлік жүктер ағынының оң динамикасын паш етеді және қазақстандық транзит өсімінің нүктесі болып табылады.

 

Бұл тенденция 2019 жылы күшейе бермек. Ыңтымақтастық перспективалары мен өсімге бет алған ағынды жедел өткізу үшін ыңғайлы жағдайлар жасау ҚТЖ басшысының Қорғас қаласында (ҚХР) Үрімжі темір жолы басшысы Чэн Минмен болған кездесуі барысында талқыланды.

 

Заманауи инфрақұрылым мен озық технологияларды енгізу өсімге бет алған ағынды игеруге мүмкіндік береді. Мысалы, 2018 жылы құрғақ порттағы тиелген контейнерлер өткен жылмен салыстырғанда 39% өскендігін көрсетіп отыр.

 

Сауат Мыңбаев басшылардың баяндамаларын тындап болған соң, инвестициялық көліктік-логистикалық жобаларды тұрақты дамыту және ағымдағы жылы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеттерін қойды.

 

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен жиын барысында «Қорғас» ШЫХО және «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандарын облыс әкімдігінің басқаруына беру туралы мәселе, сондай-ақ бұл шешімді жүзеге асыру жөніндегі ары қарайғы қадамдар айқындалды.

comments powered by HyperComments