«ҚТЖ» ҰК »АҚ МЕН ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЛОГИСТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫ АРҚЫЛЫ КОНТЕЙНЕРЛІК ТАСЫМАЛДАУДЫ ДАМЫТУҒА КЕЛІСТІ

«ҚТЖ» ҰК »АҚ МЕН ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЛОГИСТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫ АРҚЫЛЫ КОНТЕЙНЕРЛІК ТАСЫМАЛДАУДЫ ДАМЫТУҒА КЕЛІСТІ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Санжар Елубаев бастаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Қытайға жасаған сапарында Пекин, Шанхай, Ченду және Үрімші көліктік-логистикалық алаңының басшылықтарымен көліктік-логистика саласындағы ыңтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

 

«Үрімші темір жолдары» ЖШҚ Басқарма Төрағасы Чжан Хайтаомен болған кездесуде 2018 жылдың 11 айындағы халықаралық жүк тасымалы көлемі бойынша қорытындысы шығарылды және 2019 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

 

Сиань, Сучжоу және Иву қалаларының қытайлық логистикалық алаңдары басшыларымен келіссөздер жүргізілді. Тараптар Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша контейнерлік тасымалдарды дамыту ыңтымақтастығының қазіргі жайы мен перспективаларын талқылады. Бұдан басқа, Транкаспий дәлізіне қатысушы-елдер, сондай-ақ Ресей, Қазақстан, Орталық Азия, Еуропа елдері мен Қытай арасындағы бағыттарға сервис пен жеткізу логистикалық тізбегін дамыту және жүктер тасымалы көлемін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді.

 

Сапар барысында қазақстандық делегация «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портының қатысушысы болып табылатын Ляньюнган портының Президенті Чжу Сянянмен және COSCO Shipping Corporation Limited бас директорының орынбасары Суй Цзюнеммен кездесті. Тараптар инвестициялық және логистикалық ыңтымақтастық бойынша бірлескен жоспарларын белгіледі, сондай-ақ қазақстандық транзиттік дәліздерді халықаралық логистикалық желіге интеграциялауды қамтамасыз ету және жаһандық логистикалық сервистердің архитектруасының құрамдас бөлігі болған, Құрғақ порт жобасының сәтті дамуын атап кетті.

 

«Біздің әріптестігіміз жағрафиялық қатыстығымыз және тарифтерге ықпал етуіміз есебінен трансконтиненталдық транзиттік тасымалдарға бақылау орнату және Түркменстан, Өзбекстан, Каказ бен Түркия бағытына тасымалдау географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді», деп атап кетті С.Елубаев.

 

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қытайдың ірі логистикалық компанияларымен Контейнерлік тасымалдарды дамыту және ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды.

comments powered by HyperComments