ҚТЖ Қытай провинцияларымен контейнерлік тасымалды дамыту туралы келісімге қол қойды

ҚТЖ Қытай провинцияларымен контейнерлік тасымалды дамыту туралы келісімге қол қойды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Шаңхайда Қытайдың Чжэцзян (Иу), Хунань (Чанша), Цзянсу (Ляньюнган), Шэньси (Сиань), Сычуань (Чэнду), Хэнань (Чжэнчжоу) провинцияларының және Чунцин қаласының логистикалық компаниялары өкілдерімен кездесулер ұйымдастырды.

Сондай-ақ қытайдың ғаламдық контейнерлік операторы – COSCO Shipping Lines басшылығымен кездесіп, бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру болашағы туралы мәселені талқылады.

Кездесу аясында Қытайдан Еуропа, Орталық Азия, Түркия және Парсы шығанағы елдері бағдарына контейнерлік тасымалды дамыту жайы келісілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны -«KTZ Express» АҚ мен COSCO Shipping Lines арасында осы компанияның контейнерлік паркін Қазақстан аумағы мен Орта Азия елдері, Транскаспий халықаралық көлік бағдарына пайдалану уағдаластығына қол жеткізілді.

«Біз Қазақстан арқылы тасымалдау көлемін арттыру туралы серіктестікке мүдделіміз. Оған шекаралық және тиісті инфрақұрылымдық нысандарымыз да қолайлы»,-дейді қазақстандық делегацияның басшысы Қ. Алпысбаев.

Келіссөздер соңында тиісті Келісімдерге қол қойылды.

Бұған дейін де «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қытай темір жолымен екіжақты келісімге келіп, серіктестікті одан әрі дамытуға тың жол ашылды.

 

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

«KTZ Express» АҚ баспасөз қызметі

 

comments powered by HyperComments