ҚТЖ ЧУНСИН-ЕО-ЧУНСИН БАҒЫТЫ БОЙЫНША КОНТЕЙНЕРЛІК ТАСЫМАЛДАРДЫ ДАМЫТУДА

ҚТЖ ЧУНСИН-ЕО-ЧУНСИН БАҒЫТЫ БОЙЫНША КОНТЕЙНЕРЛІК ТАСЫМАЛДАРДЫ ДАМЫТУДА

2018 жылдың 7 желтоқсанында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев вице-мэр Лю Гуйпин бастап келген Чунцин қаласы Халықтық Үкіметі делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында контейнерлік тасымалдарды дамыту жөніндегі ыңтымақтастықтың перспективалары мен қазіргі жағдайы талқыланды.

Тараптар Чунцин қаласынан ЕО елдері бағытына және керісінше контейнерлік тасымалдардың артуының оң динамикасын атап өтті. 2018 жылдың 10 айында 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 67% жеткен.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ аталған бағытты дамыту үшін 400 тарта арнайы климаттық бақылаудағы контейнерлерді тартып отыр. Чунсин-Дуйсбург-Чунсин контейнерлік пойыздарымен «Hewlett-Packard» электроникаларын тасымалдау кезінде, соның ішінде температуралық режимді талап ететін жүктер тасымалында контейнерлер үнемі қолданылып келеді.

Толықтай алғанда, ағымдағы жылдың 10 айында Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 14,6 млн. тоннаны құраса, соның ішінде ҚХР шыққан және кірген жүк тасымалы 11,5 млн. тоннаға жетіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% артқандығын көрсетеді.

Келіссөз қорытындысы бойынша Контейнерлік тасымалдарды дамыту туралы келісімге қол қойылды.

comments powered by HyperComments