«KTZ Express» қызметкерлері "Young Professionals" логистика және көлік саласындағы жас мамандардың халықаралық қауымдастығының мүшелері атанды.

«KTZ Express» қызметкерлері "Young Professionals" логистика және көлік саласындағы жас мамандардың халықаралық қауымдастығының мүшелері атанды.

2010 жылғы 3-6 маусымда Польшаның Вроцлав қаласында Корольдік Логистика және Көлік Институтының (CILT) жыл сайынғы «CILT Convention 2018» халықаралық конвенциясы өтті.

Корольдік логистика және көлік институты (CILT) 1919 жылы көлік, көлік интеграциясы және көліктік-логистикалық мамандарды дайындау тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлыбританияда құрылды. Бүгінгі таңда CILT логистика, көлік және интеграцияланған жеткізу тізбегін басқару үшін Англия мен Еуропаның жетекші кәсіби органы болып табылады. CILT компаниясы 35 елде 76-дан астам өкілдіктері бар және ғасырдан астам уақыт бойы білім беру қызметімен айналысып келеді, көліктік логистиканың қызметін реттейтін мемлекеттік стандарттарды, нормативтік актілерді әзірлейді және жүзеге асырады, сондай-ақ логистика және көлік саласындағы халықаралық ғылыми-техникалық аккредитациялау органы болып табылады. Қазақстандағы институт филиалы 2017 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында ашылды.

Бүгінгі күні институттың Қазақстандағы филиалы CILT International жас мамандарының халықаралық қауымдастығының функциясын енгізе отырып, көліктік-логистикалық мамандарды үнемі кәсіби дамыту үшін кәсіптік оқытудың халықаралық стандарттарын, біліктілігін арттыру жүйесін және ынталандыру жүйесін белсенді түрде жүзеге асырады. Бұдан басқа, логистика, көліктік және интеграцияланған жеткізу тізбегін басқару саласындағы халықаралық сарапшыларды тарта отырып, Қазақстандағы кәсіби даму комитетін құрайды.

«ҚТЖ Экспресс» АҚ және CILT компаниясы тұтастай алғанда көліктік-логистикалық өнеркәсіптегі компанияның қызметкерлері мен мамандарының тұрақты кәсіби дамуын ынталандыру жүйесін жетілдіру үшін жұмыс істейді.

Осы конвенция шеңберінде «KTZ Express» АҚ-ның 4 қызметкері CILT сертификаттарын алды және «Young Professionals» Халықаралық жас көліктік және логистикалық кәсіпқойлар қауымдастығына қосылды. Сондай-ақ, «KTZ Express» АҚ жас мамандары Интернетті сату саласындағы әлемдегі ең ірі айналымдағы Amazon компаниясының көліктік-логистикалық қоймасының негізінде практикалық семинар өткізді.

 

«ҚТЖ Экспресс» АҚ Баспасөз қызметі

comments powered by HyperComments