KTZ Express қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға контейнерлік тасымалдауды дамытуға қатысады

KTZ Express қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға контейнерлік тасымалдауды дамытуға қатысады

«KTZ Express» АҚ Басқарма Төрағасы Диас Искаковтың басқаруымен Шапингба әкімшілік ауданының басшысымен, Чунцин қ. логистикалық платформасы және қазақстандық Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді. 

2018 жылдың 6 айында Чунцин-Дуйсбург-Чунцин трансқазақстандық бағдар бойынша контейнерлік тасымалдар 26 931 ЖФБ құрады. 2017 жылы ұқсас кезең ішінде 20 054 ЖФБ тасымалданды. 2018 жылдың соңына дейін 63 272 ЖФБ тасымалдау жоспарланып отыр.

Кездесу барысында Индонезияда, Вьетнамда және өңірдің басқа елдерінде қазақстандық етке және Орталық Азиядан экспортталатын мақтаға сұраныстың артуы белгіленді. Тараптар Қазақстаннан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне Чунцин қаласында жүктерді шоғырландырумен оңтүстік бағдар бойынша мультимодальдық логистикалық сервистерді дамыту мәселесін талқылады. 

Қазақстандық жүк жөнелтушілер азиялық нарықтарға ұн, дән, бал және ет өнімдерін экспорттауға дайындығын білдірді. Қытайға жем-шөп дақылдарын контейнерлік тасымалдаудың зор келешегі белгіленді.

Кездесу аясында Чунцин қаласына қатырылған қой етін, жеңіл автомобильдерді экспорттау туралы келісімге қол қойылды. Ағымдағы жылғы шілде айының соңына дейін Қазақстаннан Чунцинге қой етін алғаш жіберу жоспарлануда.

Жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде тараптар жүк жөнелтушілер базасын кеңейту және Қытайдан Еуропа, Орталық Азия, Түркия және Парсы шығанағы елдері бағытында контейнерлік тасымалдар көлемін ұлғайту қажеттілігі туралы келісті. 

 

  

«KTZ Express» АҚ Баспасөз қызметі

comments powered by HyperComments