«KTZ Express» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес саясатын жүргізіп, жұмыс үдерістерінің ашық жүргізілуін қамтамасыз етеді

«KTZ Express» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес саясатын жүргізіп, жұмыс үдерістерінің ашық жүргізілуін қамтамасыз етеді

«KTZ Express» АҚ мен «Тұңғыш сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталық» Республикалық қоғамдық бірлестігі бірлескен Меморандум  аясында ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен  алғашқы кездесу өткізді.

     «KTZ Express» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Е. Қойшыбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен заңның үстемдігіне басымдық берілген».

Соған байланысты KTZ Express  АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті белсенді жүргізуде. Ол саясат «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобының 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын жүзеге асырудың Жоспарлы шараларынан бастау алады.

KTZ Express  тапсырыс берушілермен қызмет етуде өндірісті CRM автоматтандыру арқылы басқару үдерістері ашық жүргізіледі. Оның ішінде кәсіпорын жұмысы туралы өтініш қабылдау, барлық телефон шалулар, секілді барлық ақпараттар  ресми сайтына орналастырылған.

Тараптар сыбайлас жемқорлыққа жол берудің тәуекелдіктерін сараптау, ақпарат алмасу, қызмет көрсетуге бірлескен аудиторлық қадағалау жасау бойынша жұмыс тобын құруға уағдаласты.

 

 «KTZ Express» АҚ баспасөз қызметі

 

comments powered by HyperComments