«KTZ Express» АҚ ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының мүшесі атанды

«KTZ Express» АҚ ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының мүшесі атанды

«KTZ Express» АҚ Қазақстанның ұлттық экспедиторлар қауымдастығының мүшесі атанды. Куәлікті ҚР ұлттық экспедиторлар қауымдастығының (ҰЭҚ) бас директоры Илья Сегал «KTZ Express» АҚ президенті Диас Ысқақовқа табыс етті.

Компанияның ҰЭҚ-ға қатысуы логистикалық бизнесті, мультимодальдық тасымалды және Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалды дамытуға ықпал етеді. Компания мамандары халықаралық стандарттар мен көлік қызметінің сапасын көтеру бойынша біліктіліктерін жетілдіреді.

Қазіргі таңда ҰЭҚ құрамындағы 80-нен астам көліктік, экспедиторлық және логистикалық компаниялардың мүддесін қорғайтын Республикадағы көліктік-экспедиторлық саласындағы бірден-бір үкіметтік емес ұйым болып табылады.

Атап өтерлігі, Қазақстандағы көліктік-экспедиторлық қызметтердің 98% жуығы еліміздегі экспедитор резиденттердің үлесіне кіреді. Қалған 2% шетелдік компаниялар атқарады. Отандық экспедиторлар теміржол көлігімен жеткізілетін экспорттық жүктердің 60%, импорттық жүктердің -40% және транзиттік жүктердің 100% атқарады. Мұның негізгі бөлігін ҰЭК мүшелері жасап отыр.

«KTZ Express» АҚ баспасөз қызметі

comments powered by HyperComments