ҚР, РФ ЖӘНЕ БР ТЕМІРЖОЛ ӘКІМШІЛІКТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ МӘСКЕУДЕ ЫҢТЫМАҚТАСТЫҚТЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР, РФ ЖӘНЕ БР ТЕМІРЖОЛ ӘКІМШІЛІКТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ МӘСКЕУДЕ ЫҢТЫМАҚТАСТЫҚТЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

2019 жылдың 28 қаңтарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев Мәскеуде Бірлескен көліктік-логистикалық компаниялар – Еуразиялық теміржол альянсының қатысушыларымен – темір жол басшыларымен кездесті.

Теміржол әкімшіліктерінің басшылары жоспарлы көрсеткіштермен салыстырғанда өткен жылы тасымал көлемінің қарқынды өсімін атап көрсетті. 2018 жылы жүк тасымалы көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 60% артық болған. Шығыс-Батыс бағытындағы контейнерлік пойыздардың тиелуі 65% дейін өсіп отыр.

БКЛК жобасының сәтті жүзеге асырылуы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жүктасымалын дамытуға ықпал ететін болады.

comments powered by HyperComments