ҚР мен ӨР т/ж әкімшілігінің сараптамалық топтары Өзбекстан және Ауғанстан бағытында астық пен ұнды үздіксіз тасымалдау мәселесін талқылады.

ҚР мен ӨР т/ж әкімшілігінің сараптамалық топтары Өзбекстан және Ауғанстан бағытында астық пен ұнды үздіксіз тасымалдау мәселесін талқылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ сарапшыларының бірлескен іс-шаралары аясында 2018 жылдың 17 шілдесі күні терминалдық қойма инфрақұрлымы мен Өзбекстан және Ауғанстан шекаралық станцияларына бағалау жүргізілді.

 

Сарапшы тобының мүшелері Термез қаласында, Галаба станциясында (Өзбекстан) және Хайратон қаласында (Ауғанстан) болды.

 

Аталмыш іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Қазақстанның бидай өңдеушілер одағы» ЗТБ және «Продкорпорация» АҚ өкілдері қатысты.

 

Сарапшылар тобы Хайратон қаласы әкімшілігінің басшысы Әбдурауф Әмиримен сонымен қатар Ауғанстанның ірі жүкқабылдушыларымен кездесті. Кездесуде қазақстандық тауарларды жеткізуді ұйымдастыру, Ауғанстаннан экспорттық тасымалдарды дамыту мүмкіндіктер мәселелері талқыланды.

 

Ауғанстанның мемлекеттік құрылым, темір жол және логистикалық ұйым, іскерлік топ өкілдері серіктес байланыс пен өзара тиімді қатынасқа қызығушылықтарын білдірді.

(Сүрет: https://kapital.kz/economic/62651/minselhoz-obyavil-zakupochnye-ceny-na-zerno.html)

«Қазақстан темір жолы» ҰК» баспасөз қызметі   

«KTZ Express» АҚ баспасөз қызметі

 

comments powered by HyperComments