«Қазақстан темір жолы» ҰК жаңа астық тасымалын қамтамасыз ету мәселесіне арнаған баспасөз мәслихатын өткізді

2017 жылдың 29 желтоқсанында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы жаңа астықтың тасымалын қамтамасыз ету мәселесіне арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

Қатысушылар вагондардың баяу берілуі, инфрақұрылымдық шектеулер, қазақстандық астық пен ұнның негізгі тұтынушылары – Орталық Азия елдерінің өткізу мүмкіндіктері сияқты өзекті мәселелерді талқыға салды.

ҚТЖ өкілдерінің айтуынша, астықтың экспортқа тасымалын арттыру үшін, тәулігіне 800 шақырыммен жүретін шаттл-пойыз қозғалысын ұйымдастыру, Өзбекстан теміржолымен Келес-Шұқырсай учаскесінде қосымша жол салу мәселесі шешілді. Осының арқасында тәулігіне 100 мың тонна (26-30 жұп пойыз) жүк өткізіліп, айына 3 миллион тоннаға жеткізілмек.

 «Қазақстан темір жол» компаниясы іске асырып отырған «Ақтау теңіз айлағын солтүстік бағытта кеңейту» жобасына да тоқталған КТЖ өкілдері, осы жобаның арқасында Ақтау айлағының астық өткізу қабілеті 3 есеге, атап айтқанда жылына 0.5 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін артқанын айтып өтті.

«KTZ Express» компаниясының логистика жөніндегі вице-президенті Е.Қойшыбаевтың айтуынша, теңіз инфрақұрылымы арқылы астық экспорттау және жүк тасымалдаушылар өз өнімдерін ақырғы жүк тиеу айлағына дейін жеткізетін CIF/CFR шартымен отандық экспортшылармен келісімшарт жасау логистикалық процесті әдеуір жеңілдетеді.

CIF/CFR шарты бойынша ҚТЖ өз логистикалық операторы арқылы тасымалдың барлық тізбегін, оның ішінде теңіз арқылы тасымалдау тізбегін де үйлестіруге әзір. «KTZ Express Shipping» отандық компаниясы бүгінгі таңда бірқатар ұзақмерзімдік келісімшарт жасап отыр және барлық жүкті әкетуге тұтас кеме флотын жұмылдыруға әзір.

Айта кету керек, ҚТЖ бидай мен ұнды контейтермен тасымалдауды әрі қарай дамытуды көздеп отыр. Ағымдағы жылы 8 мың тонна астық контейнермен жеткізілген. Астық Ляньюньган порты арқылы Вьетнамға тасымалданған. Мерсин (Түркия) бағытында Карс-Ахалкалаки теміржолы арқылы, әрі қарай Қытайға (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі) да жеткізіліп отыр. 2018 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ 5 мың тонна астықты контейнермен тасымалдауды жоспарлауда.

Оған қоса, Ауыл шаруашылығы министрлігі елдің экпорттық әлеуетін өсіру және жүк айналымын арттыру үшін Ауғанстан аумағында «А» сыныпты терминал құрылысын салуды ұсынып отыр. Бұл өз кезегінде астық өнімдерін жыл бойы қалыпты тасымалдауға мүмкіндік береді, әсіресе жаз мезгілінде тасымалдау аса маңызды.
Баспасөз мәслихатында сондай-ақ, астық тасымалдаудың маусымдық мультимодальдық кешені ұйымдастырылған Ақтау портындағы инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастау мәселесі талқыланды. Бұл сервис қатысушылардың барлығын - өндірушілерді, элеваторды, вагон операторларын, трейдерлерді, брокерлерді, және т.б. бір тізбекке шоғырландыратын болады.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында 2018 жылдың соңына дейін заманауи қоймалар салынады

 

comments powered by HyperComments