"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ директорлар Кеңесінің кезектен тыс отырысы

Ағымдағы жылдың 16 маусымында «Самұрық-Қазына» ҰӘК» АҚ трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директор Адамас Илькявичустың төрағалығымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы директорлар Кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы №725 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында «Локомотив» АҚ базасында ұлттық жүк тасымалдаушыны құру жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылуда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар Кеңесі отырысында «Локомотив» АҚ-ын «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» АҚ-на өзгерту туралы  2016 жылдың 21 сәуірінде №5 шешімі қабылданды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметтерін «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» АҚ-на тапсыру үшін және ұжымдық құрылымды қалыптастыру мақсатында «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» АҚ-ның 5 адамнан құралған директорлар Кеңесі құрамы белгіленді:

Алпысбаев Қанат Қалиұлы – төраға,

Айтбаев Мәди Мұратұлы,

Бабиченко Владимир Владимирович,

Оспанов Жанасыл Бегалыұлы – тәуелсіз директор,

Рахматуллаев Равшан Джураевич- тәуелсіз директор.

Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның, «Востокмашзавод» АҚ мен «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің  пайдасына корпоративтік кепілдігі мәселелері қаралды.

comments powered by HyperComments