Қазақстан мен Вьетнам жүк тасымалына екі ел теміржолын пайдаланбақ

Қазақстан мен Вьетнам жүк тасымалына екі ел теміржолын пайдаланбақ

16-20 сәуірде «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев Дананг (Вьетнам) қаласындағы Теміржолы көлігі ынтымақтастығының (ТЖЫҰ) Бас директорлары (жауапты өкілдері) ХХХIII теміржол Конференциясы отырысына қатысты.

Конференция аясында Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен екі елдің көліктік логистика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ВЖД» ММ арасындағы серіктестік туралы 2017 жылдың ақпан айында қол қойылған Меморандум шеңберінде құрылды.

Бірінші кездесуге ҚР Вьетнамдағы Төтенше және өкілетті елшісі Жұмаханов Бекетжан Махатжанұлы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев басқарған делегация, «Вьетнам теміржолдары» ММ, Қазақстан және Вьетнам көліктік-логистикалық бизнес өкілдері қатысты.

Тараптар ағымдағы операциялық мәселелерді талқылады және екі жақты тасымалдауының оң динамикасын және логистикалық бағыттарды дамытуын атап өтті. 2017 жылы Қазақстан мен Вьетнамның үшінші елдерден транзиттық тасымалдауы 14 есеге артты. 2018 жылдың бірінші тоқсанында жүк тасымалдау көлемі 2,6 есеге артты, бұл өткен жылдағы Тараптар арасындағы тасымалдау көлемінің жартысынан астамын құрайды.

Тараптар екі жақты қарым-қатынаста, сондай-ақ Еуропаға, Ресейге, Орталық Азия елдеріне, және кері бағытта Ляньюньган портындағы қазақстандық-қытайлық терминалдың, Қытай мен Вьетнаның Пинсян (ҚХР)-Донгданг (Вьетнам) теміржол шекаралық өткелі және Қазақстандағы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портының инфрақұрылымдық нысандары арқылы жиіліктерді ұлғайтуға және бірлескен логистикалық бағыттарды дамытуға келісті.

Отандық экспорттаушылар/импорттаушылар үшін логистикалық жеткізу тізбегін құру үшін бірлескен логистикалық жобаларда Тараптар ұлттық логистикалық операторларды анықтады.

«KTZ Express» АҚ баспасөз қызметі

comments powered by HyperComments