ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ТЕМІРЖОЛ ӘКІМШІЛІКТЕРІ ТХКБ БОЙЫНША ЖҮК ТАСЫМАЛЫН АРТТЫРУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ТЕМІРЖОЛ ӘКІМШІЛІКТЕРІ ТХКБ БОЙЫНША ЖҮК ТАСЫМАЛЫН АРТТЫРУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

2018 жылдың 25 қазанында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Алпысбаев Түрк темір жолының бас директоры Вейси Куртпен теміржол көлігі саласындағы ыңтымақтастық мәселелерін талқылады.

 

ҚР мен ТР арасындағы жүкайналымы 2018 жылдың 9 айында 2,5 есе артып, 766,9 мың тоннаны құраған. Бұл түсті металдар мен астық арту көлемінің артуы есебінен жүзеге асып отыр. Бұл ретте контейнерлермен тасымалдау технологиясын белсенді пайдалану қолға алынған. Дәнді дақылдарды Түркия бағытына контейнерлермен тасымалдау 1378 ЖФЭ жеткен.

2018 жылдың 12 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Түркияға жасаған сапары аясында Анкарада өткен қазақстандық-түркиялық инвестициялық форум барысында «Қазақстан темір жолдары» ҰК» АҚ мен Түркия темір жолдары («TCDD Tasimacilik A.S.» АҚ) арасында стратегиялық ыңтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Аталған Келісім Транскаспийлік халықаралық көлік дәлізі шеңберінде ҚР мен ТР аумағында көлік-логистикалық жүйе және көлік әлеуетін дамыту саласында бірлескен жұмысты қарастырады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Транскаспийлік халықаралық бағыт бойынша жүкайналымын тарту және елдер арасындағы контейнермен тасымал әлеуетін жүзеге асыруды қосқанда, 2020 жылға қарай тасымалды 5 млн тоннаға жеткізуде бірлесе әрекет етуге шақырды.

Тараптар бірлескен келісімдерді жүзеге асыру жөніндегі операторларды айқындап алуға уағдаласты. Қазақстандық тараптан үйлестіру «KTZ Express» АҚ жүктелсе, түрк жағынан «TCDD Tasimacilik A.S.» АҚ ұсынылды.

Түрк темір жолдарының Бас директоры Астанадағы көліктік мәшинежасау нысандарын аралап, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА, «Қорғас» ХШЫО, «KTZE - Khorgos Gateway» Құрғақ порты терминалды кешені және Алтынкөл станциясының инфрақұырылымдары мен жұмыстары жайлы жан жақты хабардар болды.

comments powered by HyperComments