ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫ АРҚЫЛЫ ЖҮКАЙНАЛЫМЫНЫҢ АРТУЫНА ЛЯНЬЮНГАН ПОРТЫҢ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЫҚПАЛ ЕТУДЕ

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫ АРҚЫЛЫ ЖҮКАЙНАЛЫМЫНЫҢ АРТУЫНА ЛЯНЬЮНГАН ПОРТЫҢ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЫҚПАЛ ЕТУДЕ

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Павел Соколов Цзянсу провинциясының көліктік басқармасының басшысы Дин Дзюнхуамен және Ляньюнган портының президенті Чжу Сяньянмен кездесу өткізді.

Тараптар Ляньюнган порты қазақстандық-қытайлық логистикалық терминалының әлеуетін пайдаланудағы ыңтымақтастықты ары қарай дамыту мәселелерін талқылады.

Өңделген жүктер көлемі артуының оң динамикасы атап көрсетілді. Қазақстан арқылы транзитпен Ляньюнган порты арқылы Қытай/Оңтүстік-Шығыс Азия – Орталық Азия/Еуропа – Оңтүстік-Шығыс Азия бағыттарында логистикалық шешімдері және жаңа бағыттарды құру перспективалары қаралды.

Тараптар «Қорғас – Шығыс қақпасы» Құрғақ порты мен Ляньюнган портында бірлескен кәсіпорындар құру шеңберінде өзара тиімді ықпалдастықты арттыруға ден қойды.

Сондай-ақ Транскаспий бағыты мен ҚХР-ОА-ҚХР, ҚХР-РФ-ҚХР бағыттарында жүктер тасымалын кепілді қамтамасыз ету мақсатында өндірістік активтерді инвестициялау мәселелерін талқыға салды.

Жақтар Қазақстан аумағы арқылы транзитік жүкағының тарту, контейнерлік бизнесті дамытуға мүдделестік таңытты.

 

 

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

comments powered by HyperComments