Ең ірі көліктік ұйымдар қазақстанның логистикалық инфрақұрылымын пайдалануға мүдделі

Ең ірі көліктік ұйымдар қазақстанның логистикалық инфрақұрылымын пайдалануға мүдделі

Жібек жолының көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту мәселелері «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында (ШЫХО) өткен «Kazakhstan-China Conference on Logistics and Transport Cooperation for the Belt and Road Strategy» халықаралық конференциясында талқыланды. 

The Chartered Institute of Logistics and Transport (CILT) Корольдік логистика және көлік институтының қамқоршылығымен өткен конференциясының ұйымдастырушысы, CILT Kazakhstan, CILT China, CILT Internatoinal-мен бірге, «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы - «KTZ Express» АҚ болды. 

Іс-шара қатысушылары логистикалық жүйелерді әзірлеудегі жаңа тәсілдерді және дамудың заманауи технологияларын, соның ішінде көлік саласындағы электрондық бизнес және модельдеудің цифрлық жүйелерін талқылады. 

Конференцияда «KTZ Express» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Игембаев Нұрлан сөз сөйледі. Ол трансконтинентальдық дәліздердің жаңа сәулетіндегі көлік-логистикалық жүйенің рөлін атап көрсетіп, Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі мүмкіндіктерін көрсетті. 

«Қазақстан Еуропа мен Азия арасында трансконтинентальдық тасымалдарды дамыту бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізуде. «Нұрлы жол» қазақстандық бағдарламасының және «Бір белдік – Бір жол» қытайлық бастамашылықтың түйіндесуі ҚР мен ҚХР көлік және логистикалық жүйелерінің синергиясын қамтамасыз етеді. Біздің алдымызда 2020 жылға қарай транзиттік жүк ағыны көлемін 2 млн. контейнерге дейін өсіру міндеті қойылады», - деді Н. Игембаев.

Қазақстанның қалыптасқан көлік-логистикалық инфрақұрылымы Қытайдың шығыс жағалауы – Ляньюньган портынан Қазақстан, Ресей және Беларусь арқылы Еуропаға және Каспий арқылы Түркия мен Оңтүстік Еуропаға теңіз көлігіне қарағанда 2 есе тез оңтайлы логистикалық желі бойынша жүк ағындарын қамтамасыз етеді. 

«Бүгінгі күннің өзінде 12-15 күнде Қазақстан арқылы жүкті Азиядан Еуропаға тасымалдауға болады. Қазір біз Қытайдың 17 провинциясында, Вьетнамда, Оңтүстік Кореяда, Еуропа елдерінде және Парсы шығанағында жұмыс жасаймыз. Компания жүйелі контейнерлік сервисті белсенді ілгерілетеді. Ағымдағы жылда Қытайдағы қатысу географиясын 30 провинцияға дейін ұлғайтуды жоспарлаудамыз», - деп Н. Игембаев хабарлады.

CILT халықаралық президенті Кевин Бёрн Қорғас Еуропаға жақындады деп есептейді.

 

«Осы бағдардың арқасында Ұлыбритания 10-12 күнге дейін жүк тасымалдау мерзімін нақты қысқартуды көрді. Логисттер бұған тек инфрақұрылым ғана емес, сондай-ақ технологиялық даму, соның ішінде smart-технологиялар, кеден кедергілерін өту әсер ететіндігіне көз жеткізді. Қазір біз осы процеске басқа да батысеуропалық елдердің, сондай-ақ Пәкістанның қосылу мүмкіндігін қарастырудамыз. Біздің Корольдік институт Еуропада Қорғас туралы ақпараттың тарауында маңызды рөлді атқара алады», - деді К. Бёрн.

Халықаралық конференция қатысушылары Алтынкөл станциясына, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портына барды.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Баспасөз қызметі

 

«KTZ Express» АҚ Баспасөз қызметі

comments powered by HyperComments