Брюссельдегі Берлин Еуразиялық Клубында болған отырыста Қазақстанның транзиттік-көліктік мүмкіншіліктері таныстырылды

Брюссельдегі Берлин Еуразиялық Клубында болған отырыста Қазақстанның транзиттік-көліктік мүмкіншіліктері таныстырылды

Жаңа Жібек жолын дамыту және Қазақстан арқылы көліктік дәліздермен өтетін Еуразиялық аймақтар елдерінің ынтымақтастығының болашағы жөнінде Брюссельде Берлин Еуразиялық Клубының 24-отырысында талқыланды.

Берлин Еуразиялық Клубы (БЕК) ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Еуразия және «Еуразияға жол» мемлекеттік бағдарламасы туралы идеяларын іске асыру мақсатында мемлекет басшысының 2012 жылы Германияға барған сапарында құрылды. Клубтың отырысын ұйымдастыру мен өткізуге ҚР мен ГФР Елшіліктері және Герман сыртқы саясаты жөніндегі кеңес (DGAP ) серіктестер болып анықталған болатын.  

        БЕК-тің негізгі идеялары экономикалық және инвестициялық тректе (алаңда) Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылаудан тұрады. Клубтың жұмысы екі мемлекеттің саясаткерлерінің, сарапшыларының бизнесмендерінің арасында пікір алмасулар мен ұсынымдар жасау мақсатында тұрақты өзара әрекеттесуге бағытталған.

 Талқылауға казақстандық және европалық компаниялардың, Каспий өңірін зерттеу неміс орталығы, сол сияқты Герман экономикасының шығыс комитетінің өкілдері қатысты.

«Жаңа жібек жолы: Қазақстан Еуропа мен Азия аралығындағы маңызды көліктік, транзиттік және энергетикалық хаб» тақырыбындағы пікірталаста «KTZ Express» акционерлік қоғамы Бас директорының орынбасары С.Анашкин сөз сөйледі.

Ол транконтиненталдық тасымалдарды дамытуда Еуразиялық аймақ елдері үшін диалогтық алаңдардың болуының маңыздылығын атап өтті және Жібек жолы бағыттарының халықаралық көлік жүйесіне тартылған елдердің даму бағдарламаларының түйіндестігі туралы хабарлады.

«Қазақстан темір жолы» мультимодальдық холдингі Еуразия көліктік-логистикалық әлеуетін іске асыруда белсенді түрде ат салысуда, бұл жөнінде тауардың болжамдығы мен жеткізілу жылдамдығын қамтамасыз ететін мультимодальды шешімдер мен кешенді логистикалық қызметтің кешенді пакетін қолдануымен Азия, Еуропа,Түркия, және Парсы шығанағы елдерінің арасындағы сауда полюстерімен тұрақты контейнерлік сервистерді жылжытудағы компаниялардың тікелей тартымдылығын дәлелдейді.

Қазақстанның ішінде және одан сырт жерлерде логистикалық орталықтардың бірігуі және жүк ағымының дистрибуциясының тіректік желісі дамуда, жеке секторды тарта отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалуда, - осының бәрі жүк ағымдарын тұрақтандырады және сауда ағымдарында жаңа логистикалық тізбектерін құрайды.

Сарапшылар Еуропа-Азия бағытындағы тасымалдарға деген сұраныстың өсуін және ұлттық және өңірлік бағдарламалардың, Еуразия елдерінің заңдылықтарының үндесуі мен стандартталу процесін түйіндестіру жолдары арқылы континентаралық жүк ағымдарында ынталандыру маңыздылығын атап өтті.

Пікір алмасу кезінде сондай-ақ, ынтымақтастықтың келешегі және мұнай-газ секторы, логистикалық жүк ағымдарын диверсификациялау саласында жаңғырту жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

comments powered by HyperComments