Бакуде транскаспий бағытының қатының қатысушылары халықаралық дәліздің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады

Бакуде транскаспий бағытының қатының қатысушылары халықаралық дәліздің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады

Ағымдағы жылдың 22 қазанында «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ басшысы Д.Гурбановтың төрағалығымен «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» Халықаралық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Жалпы отырысы және Басқарманың көшпелі отырысы болып өтті.

Отырыс барысында ТХКБ бойынша жүк тасымалының 2018 жылғы 9 айдағы қорытындысы шығарылды.

ТХКБ бағыты бойынша контейнерлік тасымалды дамыту басымдықтары қаперге ала отырып, отырысқа қатысушылар 2018 жылдың 9 айындағы контейнерлік жүк тасымалының артқандығын, бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 60% көп екендігін атады. Жыл соңына дейін жоспарланған көрсеткіш 15 мың ЖФЭ деңгейінде болады деп күтілуде.

Отырыста «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Санжар Елубаев сөз алды. Ол клиенттер үшін қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі бірыңғайлықты қамтамасыз ету жөніндегі концорциумның міндеттеріне назар аудартты. С.Елубаевтың айтуынша, келісілген өзараықпалдастық дәліз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға және барлық ресурстарды қосуға ықпал жасайды.  

Отырыста сөз сөйлеген «ТХКБ» ХА» ЗТБ бас хатшысы Р.Құдайбергенов Транскаспий бағытының халықаралық көлік дәлізіне енуі басымдықты болғандықтан ТРАСЕКА ыңтымақтастықтың, Еуроодақ елдері үшін мүмкіндіктерді паш ету маңызды екендігін атап кетті.

Көрсетілетін көліктік қызметтер сапасы үшін операторлар мен тасымалдаушылар арасындағы өзара жауапкершілік мәселелері қаралды. Бағыттың бәсекегеқабілеттігін арттыру үшін жүктерді дер кезінде жеткізу жөнінде шешім қабылданды.

Бұдан басқа, жүктерді бағыттар бойынша жеткізудің мерзімін белгілеу және тарифтік ставкаларды құру бөлігінде ТХКБ дамыту жөніндегі жұмысшы тобының құзіретін кеңейту туралы ережеге өзгерістер енгізілді.

Отырысқа қатысушылар ТХКБ мүше-мемлекеттері құрған инфрақұрылымдарға жаңа жүкағының тарту жөніндегі шараларды белсенділендіру қажеттігі атап өтілді.

comments powered by HyperComments