БАКУДЕ ТХКБ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БАКУДЕ ТХКБ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2019 жылдың 15-17 қаңтарында Бакуде «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» ХА» ЗТБ («ТХКБ» ХА» ЗТБ) Жалпы жиыны және Жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес «ТХКБ» ХА» ЗТБ Жалпы жиыны Ассамблея Басқарма Төрағасы етіп «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаевты бекітті.

Сондай-ақ отырыс барысында «ТХКБ» ХА» ЗТБ жұмысының 2018 жылға арналған қорытындысы шығарылды.

2018 жылы ТХКБ бойынша бұрын баламалы бағыттармен тасымалданып келген жаңа жүкағыны тартылды. Қазақстаннан Түркияға контейнерлермен астық жүгін экспорттау сервисі және керісінше Орталық Азия елдері мен Қазақстанға бағытталатын түркілік жүктер тиелімі орналуда.

Отырыс қатысушылары 2019 жылға арналған Транскаспий бағыты бойынша тасымал көлемі мен тарифтік ставкаларды бекітті.

2019 жылы контейнерлік тасымал көлемін – 60 мың ЖФЭ арттыруды жоспарланып отыр.

Отырысқа қатысушылар Транскаспий дәлізі бойынша тасымалды ары қарай дамыту үшін қажетті инфрақұрылымның болуын атап көрсетті және бағыттың бәсекегеқабілеттігін арттыру бойынша шараларды ары қарай да белсендіре түсу жайына тоқталды.

Отырыс қорытындысы бойынша «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» ХА» ЗТБ Жалпы жиынының Хаттамасына қол қойылды.

comments powered by HyperComments