Американдық бұқаралық аппарат құралдары «Қорғас» айлағы туралы жарыса жазуда

Бұқаралық ақпарат құралдары еуразиялық құрлықтың ортасында «құрғақ айлақ» жұмыс істей бастағанын жарыса жазуда.

The New Yorker және The New York Times сияқты американдық БАҚ-тар «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасы мен оның маңызды бөлігі саналатын «Қорғас» айлағына (қазақстан-қытай шекарасы) мақалалар арнауда.

The New York Times басылымында жарияланған «Қытайдың жаңа жобасы: Қазақстанмен шекарада орналасқан айлақ» мақаласы «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасы мен оның жүзеге асырылу барысына арналып отыр. Мақала авторы еуразиялық құрлықтың ортасында ашылып отырған «құрғақ айлақ» туралы жазған.

"Қытайдың жүк тасымалдаумен айналысатын ірі компаниялары Грекиядаға теңіз айлақтарын, дүниежүзі бойынша басқа да теңіз жағалауындағы елдердегі айлақтарды сатып алуға миллиардтаған доллар салып отыр. Ал China Ocean Shipping Company компаниясы мол инвестиция салып отырған ірі жоба тіпті теңіз деген атымен жоқ құрғақта орналасқан», -делінген мақалада.

COSCO деген атпен танымал бұл компания Қазақстанның оңтүстік-шығысында құрғақта орналасқан «Қорғас» портының 49 пайыздық үлесіне ие болып отыр.

«Контейнерлер кемелерге емес, пойыздарға тиелетін бұл портты Қытай мен Қазақстан жаһандық сауда-саттықтың жаңа шебі ретінде қарастырылып отыр», дейді автор.

The New York Times сондай-ақ, Алматы облысында Қорғасқа жақын маңда салынған Нұркент қаласы туралы жазады. Қазіргі таңда ол елді мекенде 1200 адам тұрып жатыр, ал келешекте тұрғын санын 100 мыңға жеткізу жоспарлануда.

The New Yorker журналистері «Жаңа Жібек жолы» мақаласында саяхатшылардың Қытайдан Еуропаға бара жатқан жолдарында кездесетін елді мекендер мен табиғаты тамаша жерлерге иллюстрация берген.

«Жыл сайын Қазақстаннан 4 мыңдай адам және Қытайдан 10 мың адам баж салығынсыз сатылатын тауарлар алмақ ниетімен «Қорғас» еркін сауда-саттық аумағына ат басын тірейді», деп жазады американдық басылым.

Ал сауда-саттық торабының құрылысына келер болсақ, The New Yorker «Қорғас маңындағы бұрын бос жатқан жерлерге қазір мыңдаған адамның қоныс тепкенін» жазған.

«Жібек жолы» бастамасы Қытай өкіметінің жобасы екенін еске салған басылым, еуразиялық құрлықтағы ірі жоба саналатын хабтың құрылысына Қазақстан тарабының да мүдделі екенін еске салып отыр.

«Батыс басылымдарына берген бір сұхбатымда (…) Жібек жолының жаңғыруымен және жаңа жобаның іске асырылуымен байланысты оқиғаларды орталық Еуразияда соңғы жылдары орын алып отырған айтулы екі оқиғаның бірі екенін айтқан болатынмын. Financial Times басылымы, бертін келе The New York Times және The New Yorker басылымдары бұл тақырыпқа жай дай-жай назар аударып отырған жоқ», -деп жазады Facebook-тағы парақшасында Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

comments powered by HyperComments