Алматыда Транскаспийлік халықаралық көлік бағытының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Алматыда Транскаспийлік халықаралық көлік бағытының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Алматы қаласында (Қазақстан) «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаевтың және «Транскаспийлік халықаралық көлік бағыты» ЗТБ (ТХКБ) жұмыс тобы отырысының басшысы болып табылатын «Әзірбайжан темір жолы» ЖҚ төрағасының орынбасары Игбал Гусейновтың төрағалық етуімен «ТХКБ» ЗТБ жұмыс тобының екі күндік отырысы өтті. 

Жұмыс барысында кездесуге қатысушылар 2018 жылдың 5 айы үшін Қауымдастықтың қызметі туралы есепті тыңдады, сондай-ақ ТХКБ бағытының тиімділігін арттыруға, тарифтік мөлшерлемелерге және ТХКБ бағыты бойынша жүктерді жеткізу мерзімдеріне, сондай-ақ ТХКБ бағытының теңіз учаскесі (Каспий теңізі) бойынша жүктерді тасымалдауды дамытуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. 

«ТХКБ» халықаралық қауымдастық» ЗТБ бас хатшысы Рахметолла Құдайбергенов атап өткендей жұмыс тобы 8 мамырда «ТХКБ» қауымдастығы жалпы жиналысының шешімдерін орындау үшін жиналды. 

- Осы жылдың 5 айында Транскаспийлік бағыттағы тасымалдар көлемі 10%-ға өсті, контейнерлер саны 2 есеге артты, - деді ол. – Алдымызда жылдың соңына дейін 4 млн тонна, 15 мың ЖФБ деңгейінде тасымалдар жоспарын орындау міндеті тұр. Алматыдағы кездесу және осы жерде қарастырылған шешімдер негізгі мақсатты - Транскаспийлік бағыттың тиімділігін арттыруды орындауға жәрдемдеседі.  

Отырыс шеңберінде Еуропа мен Түркиядан Қазақстанға және Қытайға транзитпен, сондай-ақ кері қарай контейнерлерде жүк тасымалдауға жағымды тарифтік жағдайларды орнату қарастырылды. Сонымен бірге, ТХКБ дәлізде сервисті жақсарту және балама бағыттардан қосымша жүк ағындарын тарту бойынша бірлескен іс-шаралар әзірленді.  

23 маусымда кездесу қатысушылары Алтынкөл станциясына, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-на, «KTZE – Khorgos GateWay» құрғақ портына және «Қорғас» ШЫХО-на барды. 

 

«KTZ Express» АҚ баспасөз қызмет

 

 

 

 

comments powered by HyperComments