Алматыда Қазақстан-Малайзия іскерлік кеңесінің отырысы өтті

Алматыда Қазақстан-Малайзия іскерлік кеңесінің отырысы өтті

2018 жылғы 30 қазанда Алматы қаласында Қазақстан-малайзия іскерлік кеңесінің инауграциялық отырысы болып өтті, осының шеңберінде екі елдің мемлекеттік және іскерлік топтарының қатысуымен бизнес-форум өтті.

Отырыстың барысында малайзиялық және қазақстандық компаниялардың өкілдері, және мұның ішінде «KTZ Express» акционерлік қоғамы Бас директорының орынбасары Н.Игембаев сөз сөйлеп, еуразиялық логистикалық инфрақұрылымның дамуы, бұған қоса жаңа көлік дәліздерін құру және қолданыстағыларын жаңғырту, сол сияқты транзиттік тасымалдарды ұлғайту туралы айтып өтті.

Ляньюньган портындағы логистикалық терминал, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы жобасы, Ақтау порты солтүстік экспансия жобасы, «Құрық» мультимодальды кешені, ішкі және сыртқы терминалдық жүйесін құру сияқты бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды табысты іске асыру Қазақстанның көліктік-логистикалық көрсетілетін қызметінің кешенді сервисін ұсынуды қамтамасыз етеді және транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал жасайды.

Н.Игембаев бірнеше баламалы бағыттарды ұсына отырып, Қазақстан арқылы Малайзия мен Орталық Азия, Ресей және Еуропа елдері арасында жүктерді тасымалдау үшін мүмкіндігі бар логистикалық шешімдер туралы хабардар етті.

Бизнес-форум шеңберінде логистикалық компаниялармен екі жақты кездесулер өткізілді, ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік пен шарттар туралы меморандумдарға қол қойылды.

comments powered by HyperComments