2017 жылдың 11 желтоқсанында «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы қойма орынжайларының құрылысы салынатын жерге капсула қою рәсімі өтті.

Рәсімге «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әріпханов, «Verno Capital» инвестициялық қорының вице-президенті Мағжан Кеңесбай қатысты.

 Холдинг басқарма басшысының міндетін атқарушы А.Әріпханов өз сөзінде «Нұрлы жол» бағдарламасымен шетелдік бастамашылықтың ұштасуы еліміздің инфрақұрылымдық әлеуетін дамыта түсетінін айтып өтті.
«ҚТЖ» ҰК басшылығының айтуынша, «аталмыш жоба «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының (65-қадам) аясында Қазақстанның бірнеше өңірінде салынатын терминалдар желісін әрі қарай дамытуға негізделген.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржыландырып отырған жобаның инвесторлар үшін тартымды екенін атап көрсеткен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2016 жылы жүзеге асырылған «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА кешенді дамыту жобасы өңірге инвестициялардың ағылуына сеп болғанын жеткізді. Және АЭА аумағында жайлы бизнес-жағдай жасалғанын, салық салудың оңтайлы режимі қарастырылғанын, баж салығы жоқ екенін, инфрақұрылымның жақсы дамығанын да айтып өтті.

АЭА дамытуға халықаралық инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр. Олар 2018 жылы жалпы сомасы 100 миллиард теңгенің инвестициялық жобаларын жүргізуге мүдделі. Оның ішінде қоймалар, жем-азық фабрикасы, тамақ өнеркәсібі кластері, құрылыс материалдары өндірісі жобалары бар.


«Бүгінгі рәсім шетелдік компаниялардың біздің жобамызға атсалысуға дайын екендерін, олардың аталмыш аймақтың болашағына сенетіндерін көрсетіп отыр»,-дейді «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА басқарушы компанияның бас операциялық директоры Х.Бельмааши.

«Verno Capital» инвестициялық қоры, «PNK Group» басшылары «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА логистикалық аймағында қолға алынатын инвестициялық жобаларды таныстырып өтті. 

comments powered by HyperComments