Компания туралы

Теміржол және авиакөліктерімен Қытайдан Еуропаға дейін Қазақстан арқылы 6-7 тәулікте жүк тасымалдаудың мультимодальды қызметін ұсынамыз.

Толығырақ

Компания туралы

Біз өзіміздің контейнерлер паркін басқарамыз және әлемнің кез келген жеріне арнайы температура режимін талап ететін жүктерді жеткізудің барлық маусымдық қызметін ұсынамыз.

Толығырақ

Компания туралы

  Біз ЖШС «KTZ Express Shipping» ұлттық кеме қатынасы компаниясына иеміз. Компанияның активтері 5 мың тонна құрғақ жүк таситын «Бекет ата» және «Түркістан» кемелері, сондай-ақ Каспий және Қара теңіздерде ара қатынасатын 7 мың тонна салмағы бар «Жібек жолы» және «Атамекен» кемелері.

Толығырақ

Компания туралы

  Біз ішкі және халықаралық нарықта шарттық логистиканы ұсынамыз, тауарларды жеткізуді және логистикалық жеткізу тізбектерін «есіктен есікке дейін» принципі бойынша ұйымдастыруды қамтамасыз етеміз.

Толығырақ

Компания туралы

Біз қатынастың барлық түрі бойынша көлік-логистикалық қызметтің барлық спектрін ұсынамыз, айлақтар мен аэропорт инфрақұрылымдарын, қоймалар желісін және терминалдарды пайдалана отырып, теміржол, теңіз, авиа және автокөлік тасымалдарымен ықпалдасып жұмыс істейміз.

Толығырақ

Қызметтер

  • Теміржол тасымалы

    Теміржол тасымалы

    KTZ Express АҚ арнайы және тез бұзылатын жүктерді вагондармен және контейнерлермен республика ішінде, халықаралық экспорттық-импорттық және транзиттік бағытта теміржол арқылы тасымалдаумен айналысады. 

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок

    Эл. пошта:

    KTZ Express АҚ арнайы және тез бұзылатын жүктерді вагондармен және контейнерлермен республика ішінде, халықаралық экспорттық-импорттық және транзиттік бағытта теміржол арқылы тасымалдаумен айналысады. 
    Әмбебап вагондармен (жабдық, жартылай вагондармен, платформалармен), 
    Цистерналармен, 
    Арнайы вагондармен (цемент тасымалдайтын, фитинг платформалы, астық тиелетін, транспортер вагондар),
    Рефрижератор вагондармен,
    Жүк тасу, түсіру-тиеу, қоймаға жинау, кедендік ресімдеу, жолқұжаттарды реттеу (оның ішінде жүкті сақтандыру келісімшарты да бар) сияқты жұмыстар қоса атқарылатын теміржолмен жүк тасымалдау қызметтері көрсетіледі. 
     
    Қызмет ақысы теңгемен де, валютамен де қабылданады. 
  • Контейнер сервисі

    Контейнер сервисі

    Біз ауқымды инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз етіп қоймай, жаңа қуаттарды да кеңейтіп жатырмыз. 

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок

    Эл. пошта:

    ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫ АРҚЫЛЫ ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ТҰРАҚТЫ КОНТЕЙНЕР СЕРВИСІ 
     
    Біз ауқымды инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз етіп қоймай, жаңа қуаттарды да кеңейтіп жатырмыз. 
    Бүгінгі таңда Қытайдың 17 провинциясында, Вьетнам, Корея, Еуропа және Паршсы шығанағы елдерінде жұмыс істеп жатқан біздің Компания, тұрақты контейнер сервисін белсенді ұсынуда. 
    Біз клиенттерге жүк жеткізудің бәсекеге қабілетті мерзімін ұсынып отырмыз. Мысалы, Қытай провинциясыларынан тиелетін жүк Еуропаға 9-15 күннің ішінде, Орталық Азия және Ресей елдеріне орта есеппен – 6-8 күнде жеткізіледі. 
    Оған қоса, Қытай, Иран, Ұлыбритания, Түркия арасын байланыстыратын және Қазақстан арқылы өтетін жаңа бағыттар да игерілуде. 
    «Шығыс-Батыс», «Солтүстік-Оңтүстік» дәліздерін және Транскаспий бағытын дамыту жөніндегі альянстар аясында біз әріптестермен бірлесіп, транзиттік бағыт бойында кездесетін кедергілерді азайту және бәсекеге қабілетті аралық тарифтер әзірлеу мәселелерін шешудеміз. 
    2016 жылы Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнер тасымалының көлемі шамамен 105 мың ЖФЭ (1212 контейнер пойызы) құраған (жоспарланған көрсеткіш - 94,6 мың ЖФЭ (1100 контейнер пойызы). Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 49,9 мың ЖФЭ (581 контейнер пойызы) екі есе жоғары. 
    Ал Еуропадан Қытайға қарай кері бағытта жүк тиеу көрсеткіші 2016 жылы 50 % қамтамасыз етілген (ҚХР-ЕО бағытындағы 70 174 ЖФЭ, 808 контейнер пойызы жөнелтілсе, ЕО-ҚХР бағытында 34 391 ЖФЭ, 404 контейнер пойызы жөнелтілген). 
    2017 жылдың соңына дейін жоспарланған көрсеткіш - 195 мың ЖФЭ шамасы.
  • Мультимодальдық тасымалдар

    Мультимодальдық тасымалдар

    Біз теміржол, автомобиль, теңіз және әуе көліктерін, теңіз айлақтары мен әуежайлардың инфрақұрылымдарын, терминалдар мен қойма желілерін пайдалана отырып мультимодальдық тасымалдар, сонымен қатар жүк тиеу операцияларын ұйымдастырамыз. 

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок
    61-13-41 (вн. номер 191)

    Эл. пошта:

    Біз теміржол, автомобиль, теңіз және әуе көліктерін, теңіз айлақтары мен әуежайлардың инфрақұрылымдарын, терминалдар мен қойма желілерін пайдалана отырып мультимодальдық тасымалдар, сонымен қатар жүк тиеу операцияларын ұйымдастырамыз. 
    KTZ Express «есіктен есікке дейін» жүк жеткізілімін қамтамасыз етеді және жүк жеткізудің тиімді логистикасын ұйымдастырады. 
     
    KTZ Express теміржол және авиакөліктерімен (Rail-Air) Қытайдан Еуропаға дейін Қазақстан арқылы 7-8 тәулікте жүк тасымалдаудың кешенді қызметін ұсынады. 
  • Көлік-экспедиторлық қызмет көрсету

    Көлік-экспедиторлық қызмет көрсету

    Теміржол және басқа да көліктермен жүк тасымалын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беру.

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок

    Эл. пошта:

    Біз ұсынатын қызметтер: 
     
    вагондармен уақтылы қамтамасыз ету;
    Толық ақпараттық қызмет көрсету (вагондардың қозғалысын тәулік бойы диспетчерлік бақылау, қаңтарылып тұрып қалған жағдайлар мен жүктің жақындағаны туралы хабарлап отыру);
    Теміржол бойы стансаларда жасалатын алымдар мен айыппұлдарды, басқа да төлемдерді жоспарлау, төлеу;
    Қауіпті және аса құнды жүктерді тасымалдау барысын арнайы күзетпен қамтамасыз ету, жүкті сақтандыру және қосымша бақылау ұйымдастыру;
    Жүк құрамаларының қозғалыс жоспарын теміржол әкімшілігімен келісіп отыру;
    Жобалау логистикасын әзірлеу;
    Кеден органдарын алдын-ала хабардар етіп отыру;
    Теміржол және басқа да көліктермен жүк тасымалын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беру.
     
    Біздің теміржол көліктеріміз қатынайтын аймақ: жолтабаны 1520 мм құрайтын барлық теміржолдар, сондай-ақ Иран, Ауғанстан және Қытайға өтетін шекара өткелдері. 
    KTZ Express АҚ өнеркәсіптік жүктер мен тұтынушы тауарларын теміржолмен халықаралық жүк тасымалдау барысында вагондардың диверсификацияланған паркімен жұмыс істейді. 
    Арнайы мүмкіндіктер: 
    жүк тиелген және бос рейстердің дәйекті логистикасы ескеріледі;
    қауіпті жүктер үшін арнайы тасымал ұйымдастырылады;
    Алашаңқай және Қорғас стансаларында (ҚХР-мен арадағы шекара) жүк тиеуге вагондар беріле алады; 
    Қазақстандағы басқа теміржол әкімшіліктерінің вагондары мен инфрақұрылымдарын пайдалану мүмкіндігін ұсынады. 
     
    KTZ Express сонымен қатар, кез-келген жүкті, оның ішінде габариттік емес, ұзын өлшемді немесе ауыр салмақты жүкті тасымалдау жобасын әзірлеуді ұсынады. Біздің активтеріміз бен талай сыннан өткен серіктестеріміз жылжымалы құрам мен тасымалдың кез-келген түрін жасақтауға мүмкіндік береді– біз өзен, теңіз, автомобиль және авиатасымалдарын ұйымдастыра аламыз.
    Біздің клиенттеріміздің қатарында жетекші машина жасаушы зауыттар мен концерндер, металлургиялық және құбыр зауыттары, мұнай-газ, энергетикалық және химилық компаниялар, сыртқы сауда бірлестіктері, инжинирингілік және логистикалық компаниялар, т.б. бар. 
    Көлік инфрақұрылымын алдын-ала зерттеу; 
    Жүк тасымалдаудың тиімді бағытын әзірлеу, жүк тиеу және оны бекітудің сызбаларын жасау; 
    Жүк тасымалдауға рұқсат алу; 
    Инфрақұрылым нысандарын бекіту;
    Кедендік ресімдеу; 
    Экспорт пен импортты, экономикалық кедендік режимдерді ресімдеу; 
    Жүктердің айрықша режимде сақталуын ұйымдастыру;
    Алдын-ала декларациялау қызметтерін де ұсынамыз. 
  • Автотасымалдау

    Автотасымалдау

    Автотасымалдау – көлік қызметтерінің ең көп сұранысқа ие түрі. Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда автотасымалдау ең тиімді тасымал түрі. 

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок
    61-13-54 (вн. номер 493)

    Эл. пошта:

    Автотасымалдау – көлік қызметтерінің ең бір талап етілген түрі. Автотасымалдау өзге көлік түрлерімен жүктерді жеткізумен салыстыру бойынша ең пайдалы. 

    Басымдықтары:

    • Максималды тасымалдау жылдамдығы
    • Тиеу-түсіру жұмыстарының қысқа мерзімі 
    • Құрамалы жүктерді автокөліктің қатысуынсыз тасымалдау мүмкін емес 
    • Автотасымалдау процессін бақылаудың оңайлығы
    • Автотасымалдау процессін бүкіл жүру жолының бойында тұрақты бақылау 
    • Шекараны өту жеделдігі
    • Жүктің көтеріңкі қауіпсіздігі

    Біз бүгін Қазақстан, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша кез келген күрделі автотасымалдауды орындауға қабілеттіміз. 

    Біз бұл саладағы соңғы тенденцияларды тұрақты қадағалаймыз және клиент үшін максималды ыңғайлықпен ішкі жіне халықаралық тасымалдауды орындаймыз. Біздің компанияда автотасымалдауды жүзеге асыратын жоғары білікті мамандар еңбек етеді. Біз сізге автасымалдаудың қауіпсіздігіне және жүктердің сақтандығына кепіл бере аламыз. 

    KTZ Express АҚ автомобильдік тасымалдауы бұл:

    • Қазақстан аумағы бойынша тасымалдау;
    • Еуропа, ТМД, Түркия мен қытай елдерінен импорттық, солай және экспорттық режимде халықаралық тасымалдау;
    • Қазақстанның, Ресейдің, Белорусьтің және Балтия елдерініңжетекші тасымалдаушы-компанияларымен тығыз ынтымақтастығы, ол Компанияға үлкен тасымалдау көлемін көздейтін келісім-шарттар бойынша міндеттемелерді жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді.  

    Пайдаланылатын көлік – көп тонналы автомобильдер мен автопойыздар, қалқаланған және рефрижераторлық жартылай тіркемелер, шағын жүк көтергіш автомобильдер мен ауқымды емес платформалар.

  • Теңіз арқылы тасымалдау

    Теңіз арқылы тасымалдау

    Біздің компания ұйымдастыратын теңіз арқылы халықаралық тасымалдау –жүктер мен тауарларды кез-келген қашықтыққа жеткізудің үздік жолы. 

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок
    61-15-18 (вн. номер 425 )

    Эл. пошта:

    Біздің компания ұйымдастыратын теңіз арқылы халықаралық тасымалдау –жүктер мен тауарларды кез-келген қашықтыққа жеткізудің үздік жолы. 
    «KTZ Express» АҚ Сізге керек кез-келген нүктеге тауардың барлық санатын теңіз арқылы үнемді, жедел және сенімді жеткізілуін ұйымдастыра алады. 
    Теңіз арқылы жүк тасымалдауға тапсырыс беретін біздің клиенттерімізге Ақтау, Құрық теңіз айлақтарында жүктерді түсіру/тиеу, порттарда тауарларды сақтау мүмкіндіктері қоса ұсынылады. 
    Жүктерді теңіз арқылы тасымалдау құрамдастырылған тізбектің бір бөлшегі болса, портта сіздің жүгіңізді кемеден екінші көлікке тиеп беруге мүмкіндігіміз бар. 
    Барлық құжатты ресімдеу; жүкті бастан-аяғына алып жүру; қозғалыстың барлық кезеңінде тасымал барысын бақылау; келісілген мерзімді сақтау; жүктің сақталуына жауап беру. 
    Клиенттің тапсырысы бойынша теңіз арқылы халықаралық жүк тасымалдау барысында  көрсетілетін қосымша қызметтер: жүкті сақтандыру және экспедитор жауапкершілігі; порттағы экспедитор қызметі; кедендік ресімдерден өтуге көмектесу; габариттік емес жүктермен жұмыс істеу; кез-келген ультимодальдық жеткізілімді ұйымдастыру.
    Мультимодальдық тасымалдау және теңіз арқылы жүк тасымалдау тізбегін жасау мақсатында  «KTZ Express» АҚ 2014 жылы өз кеме компаниясын - «KTZ Express Shipping» ЖШС құрған. 
     
    «KTZ Express Shipping» ЖШС елімізде меншігінде құрғақ жүк тасымалдайтын кемелер бар жалғыз компания болып табылады. 
    Қазіргі таңда «KTZ Express Shipping» ЖШС дедвейті 5 мың тонналық «Бекет Ата» және «Түркістан» кемелері мен 7 мың тонналық «Жібек жолы» және «Атамекен» кемелеріне иелік етеді. 
    Каспий, Қара теңіз, Жерорта және Мәрмәр теңіздерінде жүзіп жүрген бұл қазақстандық кемелер габариттік емес жүктер, астық, металл, металл құбырлар, т.д.жүктерді Ақтау порты-Иранның солтүстігіндегі порттар, Құрық порты- Констанца (Румыния) порты ,Маргера порты (Италия)-Құрық порты, Уние порты (Түркия) – Құрық порты, Деренже порты(Түркия) – Туркменбашы порты (Түркіменстан), Джурджулешты порты (Молдова) – Равенна (Италия), Говсан (Әзірбайджан) – Бартынь (Түркия) бағыттары бойынша тасымалдайды. 
     
    "KTZ Express Shipping" ЖШС ұсынатын қызметтер: 
     
    - құрғақ жүктерді (астық, металл, контейнер, т.б.) тасымалдау үшін кемелерді кірелеу (фрахтылау) қызметі;
    -пароммен жүк тасымалдауды ұйымдастыру;
    - жүктерді түсіру және тиеу порттарында экспедиторлық және агенттік қызметтер көрсету;
  • Авиатасымалдау

    Авиатасымалдау

    Тұрақты авиажелілерінің көмегімен кез-келген бағытта жүк жеткізуге көмектесеміз. Сіздің талабыңызға сай келетін бағдар жасап береміз.

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок

    Эл. пошта:

    Біз ұсынатын қызметтер:
     
    Жалпы сипаттағы жүктерді тасымалдау
    Чартерлік жүк тасымалы 
    Жедел чартер
    Габариттік емес жүктер
    Қауіпті жүктер
    Бизнес-чартер
    VIP ұшақ жалға беру
     
    «Тірі» жүк тасымалдау
     
    1. Жалпы сипаттағы жүктерді тасымалдау
     
    Тұрақты авиажелілерінің көмегімен кез-келген бағытта жүк жеткізуге көмектесеміз. Сіздің талабыңызға сай келетін бағдар жасап береміз. Тасымал саны мен жиілігін өз қарауыңызға қарай өзгерте аламыз. 
     
    2. Чартерлік жүк тасымалы
    Біз бірінші санаттағы қызметтер ұсынамыз: 
    Жүк тасымалдаушы-экспедициялық агенттіктерге
    Қайырымдылық және гуманитарлық ұйымдарға;
    Үкіметтік мекемелерге
    Сауда агенттеріне
    Корпорацияларға
     
    Чартерлік рейстердің басымдығы:
    Қолданыстағы авиажелілердің бағытымен шектелмейді;
    Рейс кестесін күтіп отырмайсыз;
    Жүк көлемі мен ұшу сапарының кестесін өзіңіз анықтаймыз; 
    Бізге сеніңіздер және хабарласыңыздар!!!
    Жүктің салмағын, габаритін және сипаттамасын хабарласаңыздар болды, біз қысқа мерзімнің ішінде тарифті есептеп береміз;
    Чартерлік сапарды басынан-аяғына дейін өзіміз қадағалап отырамыз;
    Сізге ыңғайлы және тиімді әуе кемесін тауып береміз;
    Біз дүниежүзі бойынша жұмыс істейміз.
     
    3. Жедел чартер
    Сізге жедел жүк жөнелту немесе әкелу керек болса, 
     
    «KTZ Express» компаниясына хабарласа аласыз!
     
    Жүкті жедел жеткізу керек болса, біз Сізге көмектесеміз
    Жүк тасымалдауда тәжірибеміз мол
    Біздің тәжірибеміз – сіздің пайдаңыз! Біздің тәжірибемізді пайдаланыңыздар!!!
    Сіздің сеніміңіз – біздің беделіміз! Біздің беделімізді пайдаланыңыздар!!!
    Экономикалық тиімді шешім іздесеңіздер, бізге сенім артыңыздар!!!
    Бізге сеніңіздер! Біз Сізге ең сенімді ұшақ тауып береміз!
    Бізге жыл он екі ай және 24 сағат бойы хабарласуларыңызға болады.
     
    4. Габариттік емес жүктер
    Сіздің тапсырысыңыз бойынша біз барлық затты тасымалдап береміз:
     
    Музыкалық аспаптар, сахна жабдықтары және декорациялар;
    Электровоз, вагон және кемелер үшін қосалқы бөлшектер, жабдықтар;
    Мұнай өнеркәсібіне арналған тораптар, жабдық бөлшектері; 
    Құрылыс материалдары және конструкциялар; 
    Ұшу аппараттарына арналған двигательдер және әуе кемелерінің бөлшектері; 
    Ғарыш жабдықтары және спутниктер;
    т.б. көптеген жабдықтар
     
    Ауыр жүктерді басымалдау біз үшін түк емес!
     
    Ұшақтарға жүк тиеудегі тәжірибемізге сеніңіздер!
    Сіздің жүгіңізді барар жеріне дейін біздің өкіліміз жеткізіп салады;
    Дербес менеджер барлық ұсақ-түйек мәселені шешіп береді.
     
    5. Қауіпті жүктер
     
     
    Біз Сіздерге:
    Қауіпті жарылғыш заттарды
    Химикаттарды
    Радиоактивті материалдарды
    Әуе кемесімен тасымалдауға рұқсат етілген кез-келген басқа жүктерді тасымалдауға көмектесеміз.
     
    Біз 
     
    Шектелген қозғалыс жағдайындағы жұмыс тәжірибемізді
    Қауіпті заттармен жұмыс істеудегі тәжірибемізді
    Ең соңғы нормалар мен ережелерді толық сақтау
    Дәл жоспарлау, барынша қорғау және абсолюттік қауіпсіздік шарттарын пайдалана отырып, 
     
    Сіздердің жүктеріңізді қорғаймыз.
     
     
    6. Бизнес-чартер
    Қалталы саяхатшыларға арналған ұсыныстар:
     
    «KTZ Express» АҚ: 
     
    Авиа ұшу сапарының жоспарын Сізден келісіп жасайды; 
    Сіздің ұшаққа деген талаптарыңызды, шарттарыңызды ескереді;
    Әуежайларда қызмет көрсетілу және кідіріс жасау уақытын барынша азайтады;
    Сапардың ең қысқа бағытын анықтап береді;
    Әуежайларда кезектен тыс тіркеу және тексеруден өткізуге көмектеседі;
    Ұшақта жұмыс жасауыңызға барлық жағдай жасайды; 
    Талабыңыз бойынша Сізді әуежайдан кез-келген жақын әуежайға жеткізеді; 
    ИКАО халықаралық талаптарына сай қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;
    Ең сенімді және ең қауіпсіз ұшақтардың қызметтерін ҰСЫНАДЫ!!!
     
    7. VIP ұшақ жалға беру
     
    Жекеменшік ұшақты жалға беру - мәртебелі клиенттер үшін жайлы қызмет. Уақыт үнемділігі, жоғары деңгейдегі сервис, жайлы және қауіпсіз жағдай, оған қоса Сіздің жеке талаптарыңызды орындау - ұшақ жалдау қызметінің негізгі сипаттары. Хабарлассаңыздар болды, біз Сіздерге ұшақ жалдаудың барлық жолын ұсынамыз. Қажет болған жағдайда, ұшақ қожайынымен тікелей байланыстыра аламыз.
     
    Әрбір нақты жағдайда ұшу сапарын Сізбен келісе отырмыз жоспарлаймыз. Сапарыңызды және шығынды барынша оңтайландыруға көмектесеміз.
     
    Ұшақ (тікұшақ) жалдау мәселелері бойынша кез-келген уақытта мына телефондар мен электрондық адрестерге хабарласа аласыздар: 
     
     
    VIP клиенттер неліктен «KTZ Express» қызметін пайдаланады?
     
    Қауіпсіздік
    Әуежайларда VIP қызмет көрсету
    Борта жеке талаптар бойынша тамақ түрлерін ұсыну
    Борт ішінде барынша жайлы жағдай жасау
    Ұшу кестесінің икемділігі
     
    8. «Тірі» жүк
    Асыл тұқымды жылқыны немесе басқа да жанды жануарды тасымалдауды ұйымдастыру қызметін ұсынамыз. «Тірі» жүк тасымалдауды қамтамасыз етудегі тәжірибемізге сүйене отырып, Сіз үшін сәйкес ұшақ түрін таңдаймыз.
     
    Тапсырыс беру үшін
     
    Ұшаққа тапсырыс беру үшін сайттағы құжатты толтырыңыздар немесе төменде көрсетілген телефондарға хабарласыңыздар. Өтініштеріңізді барынша қысқа мерзімнің ішінде қарап, кез-келген бағытта ұшу сапарын ұйымдастырамыз.
     
    Байланыс телефондарымыз:
    Жауапты тұлғаның аты-жөні:
    Жұмыс телефоны: +7(7172
    Ішкі байланыс телефоны:
    Электрондық адрес:
  • Транскаспий халықаралық көлік бағыты

    Транскаспий халықаралық көлік бағыты

    «KTZ Express» АҚ әріптестерімен бірлесіп Транскаспий бағыты бойынша тасымалдауды белсенді дамытуда  және клиенттеріне «Nomad Express» контейнер сервисін ұсынуда.

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок

    Эл. пошта:

    «KTZ Express» АҚ әріптестерімен бірлесіп Транскаспий бағыты бойынша тасымалдауды белсенді дамытуда  және клиенттеріне «Nomad Express» контейнер сервисін ұсынуда. Қытайдан Түркияға, әрі қарай Еуропа елдеріне бағытталған бұл сервиске Каспий жағалауы, Украина және Польша логистикалық инфрақұрылымдары, сондай-ақ Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісі қатыстырылған. 
    Қатысушы елдер соңғы жылдары Транскаспий бағытына коммерциялық басымдық беріп отыр. Біріншіден, сервис жылдам қызмет көрсетеді, клиентке ұсынылып отырған контейнер тасымалы Қытайдың шығысынан Түркияға дейін 14-15 күнде жетеді. Екіншіден, тауарлар үшін де, жүкті жеткізу мерзімі үшін де бәсекеге қабілетті баға белгіленген. 
  • Жоғары жылдамдықты шаттл-пойызы

    Жоғары жылдамдықты шаттл-пойызы

    «KTZ Express» АҚ - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 100% еншілес компаниясы және ол көліктің барлық түрімен тасымалдау және логистикалық қызметтер көрсетеді.

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок

    Эл. пошта:

     «KTZ Express» АҚ - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 100% еншілес компаниясы және ол көліктің барлық түрімен тасымалдау және логистикалық қызметтер көрсетеді. 
    «KTZ Express» -Қазақстан Республикасының аумағы арқылы кесте бойынша жүріп жатқан жүк пойыздарымен жүк тасымалын ұйымдастыру қызметін ұсынады. 
    Бүгінгі таңда Алматы-1 – Қандыағаш бағыты бойынша Атырау, Маңғышлақ, Ақтөбе, Орал тірек станцияларына дейін жол-жөнекей вагондарды тарататын пойыздар қозғалысы ұйымдастырылған. 
    Кесте бойынша аптасынан 5 рет Алматы-1 станциясынан, аптасына 1 рет - Маңғышлақ станциясынан жылжымалы құрам жасақталады, жүктер жинақталады. 
     
    Және біз Достық-экспорт - Болашақ-экспорт, Алтынкөл-экспорт –Сарыағаш-экспорт транзиттік бағыттары бойынша жүк пойыздары құрамында жүк тасымалын ұйымдастыра аламыз. 
     
    Осындай пойыздардың құрамында жүк тасымалын ұйымдастыру Қазақстан аумағы арқылы теміржолмен жүк тасымалдаудың мерзімін 2-3 есеге қысқартады. 
    Және тасымал көлемі жеткілікті болса, басқа да мүдделі бағыттар бойынша кесте бойынша жүк пойыздарын жолға шығаруға әзірміз. 
    «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісімен кесте бойынша қозғалатын пойыздар құрамында «KTZ Express» АҚ арқылы тасымал ұйымдастырудың басымдықтары:
     
    Пойыздар тәулігіне 800-1000 шақырым жол жүріп өтеді;
    Вагон санына қарай «KTZ Express» АҚ ставкасы бойынша жеңілдіктер қарастырылған;
    «KTZ Express» АҚ-мен келісімшарт бір тәуліктің ішінде жасалады; 
    Пойыз құрамына қысқа мерзімнің ішінде өтініш беру мүмкіндігі де қарастырылған;
    Жүкті төлем жасаушы тараптың кодымен жөнелту мүмкіндігі бар.
     
    Біздің қызметімізге мүдделі болсаңыздар, пойыздарды ұйымдастырумен айналысатын менеджерлерге төмендегі телефондар арқылы хабарласуға болады:
    Алматы қаласы бойынша өкіл – Дакенов Мейірхан: +7-701-673-7135; 
     
    Астанадағы Орталық кеңсе - Омаров Орынбай: тел. (+7-7172) 611-505 
     
    немесе shuttlektz@gmail.com электрондық адресіне хат жолдаңыздар. 
  • Ірі тоннажды контейнерлер жөндеу

    Ірі тоннажды контейнерлер жөндеу

    «KTZ Express» АҚ-ның Түркістан, Ақсу-1, Жіңішке, Жетісу станцияларында контейнер жөндейтін учаскелері орналасқан.  Қазіргі таңда, Түркістан станциясындағы цех  ең ірі жөндеу учаскелерінің бірі болып табылады.

    Действующие маршруты

    Новые маршруты

    Телефон для справок

    Эл. пошта:

    «KTZ Express» АҚ-ның Түркістан, Ақсу-1, Жіңішке, Жетісу станцияларында контейнер жөндейтін учаскелері орналасқан. 
    Қазіргі таңда, Түркістан станциясындағы цех  ең ірі жөндеу учаскелерінің бірі болып табылады.
    Жөндеу цехы контейнерлерді, олардың тораптары мен тетіктерін жөндеуге және сынақтан өткізуге арналған арнайы жабдықтармен жарақталған. Цех жыл сайын мәртебені растап отыратын және Біліктілік қоғамы берген «Контейнер жөндеу кәсіпорны деп тану туралы куәлікке» ие және халықаралық стандартар талаптарына сай жұмыс істейді. 
    Өндірістік қуат жылына 1 000-дай контейнер жөндеуге мүмкіндік береді.
    Ақсу-1, Жіңішке, Жетісу станцияларында орналасқан жөндеу бекеттері контейнерлерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді, яғни эксплуатация барысында орын алатын ұсақ-түйек ақаулар мен зақымдауларды жөндейді. 
    Біздің компания 10 шақты ұйымның контейнерлерін жөндеумен айналысады. 

Жаналықтар

Бакуде транскаспий бағытының қатының қатысушылары халықаралық дәліздің тиімділігін арттыру мәселелер…

Ағымдағы жылдың 22 қазанында «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ басшысы Д.Гурбановтың төрағалығымен «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» Халықаралық ассоциациясы» заңды тұл…

23.10.2018

ХЕЛЬСИНКИДЕ «ҚТЖ» ҰК» АҚ МУЛЬТИМОДАЛЬДЫҚ ОПЕРАТОРЫ МЕН «KOULOVA INNOVATION OY»,«NURMINEN LOGISTICS S…

Ағымдағы жылдың 16 қазанында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Финляндияға жасаған сапары шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ мультимодальды операторы мен Koulova Innovation Oy (Коувола қаласы) жә…

17.10.2018

Ірі мәмілені жасау туралы шешім қабылданды

2018 жылғы 10 қазанда (№02/36 Хаттама) «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы Басқарма отырысында «KTZ Express» АҚ 26.02.15 жылғы «Қазақстан темiр жолы» ұ…

11.10.2018

Ең ірі көліктік ұйымдар қазақстанның логистикалық инфрақұрылымын пайдалануға мүдделі

Жібек жолының көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту мәселелері «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында (ШЫХО) өткен «Kazakhstan-China Conference on Logistics a…

07.09.2018

ЖАҢА ӨСКЕМЕН СТАНЦИЯСЫНАН ТҮРКИЯНЫҢ ДЕРИНДЖЕ ПОРТЫНА КОНТЕЙНЕРЛІК ПОЙЫЗ ЖӨНЕЛТІЛДІ

Қазақстанның Жаңа Өскемен станциясынан түрлі-түсті металл тиелген бірінші контейнерлік пойыз Түркияның Дериндже портына жөнелтілді.   Түрлі түсті метал – жүк тиелген 20 футтық 88 контейне…

16.08.2018

ҚР мен ӨР т/ж әкімшілігінің сараптамалық топтары Өзбекстан және Ауғанстан бағытында астық пен ұнды ү…

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ сарапшыларының бірлескен іс-шаралары аясында 2018 жылдың 17 шілдесі күні терминалдық қойма инфрақұрлымы ме…

20.07.2018

KTZ Express қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға контейнерлік тасымалдауды дамытуға қатыс…

«KTZ Express» АҚ Басқарма Төрағасы Диас Искаковтың басқаруымен Шапингба әкімшілік ауданының басшысымен, Чунцин қ. логистикалық платформасы және қазақстандық Ауыл шаруашылығы өнімдерін эксп…

05.07.2018

Алматыда Транскаспийлік халықаралық көлік бағытының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Алматы қаласында (Қазақстан) «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаевтың және «Транскаспийлік халықаралық көлік бағыты» ЗТБ (ТХКБ) жұмыс тобы отырысының басшысы болып…

25.06.2018

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ БИЗНЕСІ ЖАҢА САУДА ЖАҒДАЙЫНДА КӨЛІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕДІ

Қазақстан мен Қытай бизнесі жаңа сауда жағдайында көлік және инвестициялық әлеуетін көтереді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев Пекиндегі Қазақстан-Қыт…

12.06.2018

«KTZ Express» қызметкерлері "Young Professionals" логистика және көлік саласындағы жас мамандардың х…

2010 жылғы 3-6 маусымда Польшаның Вроцлав қаласында Корольдік Логистика және Көлік Институтының (CILT) жыл сайынғы «CILT Convention 2018» халықаралық конвенциясы өтті. Корольдік логистика…

07.06.2018

USAID Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктерін жоғары бағалады

USAID-тың Орталық Азиядағы бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру жөніндегі арнайы жобасы шеңберінде құрылған тобы «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ портын аралады. Топқа көлі…

31.05.2018

«KTZ Express» АҚ және «Омсан» түрік логистикалық компаниясы ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссө…

«KTZ Express» АҚ басшысы Диас Искаков «Omsan» компаниясының бас директорының орынбасары Арслан Джошармен Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік тасымалдау саласындағы ынтымақтаст…

25.05.2018

«KTZ Express» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес саясатын жүргізіп, жұмыс үдерістерінің аш…

«KTZ Express» АҚ мен «Тұңғыш сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталық» Республикалық қоғамдық бірлестігі бірлескен Меморандум  аясында ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас…

25.05.2018

ҚТЖ логистикалық блогы Шанхайда халықаралық серіктестерімен келісімдерге қол жеткізді

  «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобының логистикалық блогы Шаңхайда (ҚХР) «Transport Logistics China» ірі халықаралық көлік-логистикалық көрмесіне қатысты. Көрме қатыс…

18.05.2018

ҚТЖ Қытай провинцияларымен контейнерлік тасымалды дамыту туралы келісімге қол қойды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Шаңхайда Қытайдың Чжэцзян (Иу), Хунань (Чанша), Цзянсу (Ляньюнган), Шэньси (Сиань), Сычуань (Чэнду), Хэнань (Чжэнчжоу) провинция…

16.05.2018

ҚТЖ мен Қытай Темір Жолдары Еуразия сауда ағынында контейнерлік тасымалды дамытады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Пекинде Қытай темір жолының бас директоры Лу Дунфумен кездесіп, Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік тасымалды дамыту туралы мәс…

15.05.2018

«KTZ Express» АҚ ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының мүшесі атанды

«KTZ Express» АҚ Қазақстанның ұлттық экспедиторлар қауымдастығының мүшесі атанды. Куәлікті ҚР ұлттық экспедиторлар қауымдастығының (ҰЭҚ) бас директоры Илья Сегал «KTZ Express»…

28.04.2018

Қазақстан мен Вьетнам жүк тасымалына екі ел теміржолын пайдаланбақ

16-20 сәуірде «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев Дананг (Вьетнам) қаласындағы Теміржолы көлігі ынтымақтастығының (ТЖЫҰ) Бас директорлары (жауапты өкілдері) ХХХIII теміржол К…

21.04.2018

Құрық айлағында тасымалдау құжаттарын қағазсыз «Номад» технологиясымен ресімдеудің ілкі жобасы іске…

«Номад» цифрлық платформасы тасымалдау процесіне қатысушылардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруға бағытталған. Экспорттық, импорттық және транзиттік жүктер, кеден, шекаралық басқа да мем…

11.01.2018

Американдық бұқаралық аппарат құралдары «Қорғас» айлағы туралы жарыса жазуда

Бұқаралық ақпарат құралдары еуразиялық құрлықтың ортасында «құрғақ айлақ» жұмыс істей бастағанын жарыса жазуда. The New Yorker және The New York Times сияқты американдық БАҚ-тар «Жі…

02.01.2018

«Қазақстан темір жолы» ҰК жаңа астық тасымалын қамтамасыз ету мәселесіне арнаған баспасөз мәслихатын…

2017 жылдың 29 желтоқсанында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы жаңа астықтың тасымалын қамтамасыз ету мәселесіне арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Қатысушылар вагондардың баяу…

29.12.2017

2017 жылдың 11 желтоқсанында «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы қойма орынжайлар…

Рәсімге «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әріпханов, «Verno Capital»…

11.12.2017

Астанада «Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) халықаралық қауымдастығы» ЗТБ жалпы жиналысы…

Отырыста Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы контейнерлік тасымалды дамыту мәселесі, 2018 жылы тұрақты контейнерлік пойыз жасақтау, сонымен қатар келесі жылы бағдардың бәсекелестікке сәйкестігі…

06.12.2017

Бейжіңге қазақстандық астықты жеткізу мерзімі төрт есеге қысқарды

Ақмола темір жолының Атбасар станциясынан астық тиеген пойыз Пекинге тікелей жол тартты. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 53 жабық вагоннан тұратын салмағы 4,5 мың тонналық жылжыма…

23.11.2017

Финляндиядан шыққан алғашқы контейнерлік пойыз Қазақстан аумағымен Қытайға бет алды

2017 жылдың 10 қарашасында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны - «KTZ Express» компаниясының вагондарынан жасақталған темірж…

10.11.2017

«Жібек жолы» – Каспий айдынында»

 13.07.2016  Мемлекет басшысы еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру жөнінде келелі міндет қойып отыр. Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тоғыз жолды…

18.07.2016

«Жібек жолы» жаңа кемесі Қазақстанның құрғақ жүк таситын флотын толықтырады

А.ж. 12 шілдеде 7000 тонна дедвейтпен «Жібек жолы»  құрғақ жүк таситын кемесі ресейлік  Шлиссельбургте суға түсірілді.  Жаңа кемені түсіру салтанатты рәсіміне «Қазақс…

18.07.2016

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ директорлар Кеңесінің кезектен тыс отырысы

Ағымдағы жылдың 16 маусымында «Самұрық-Қазына» ҰӘК» АҚ трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директор Адамас Илькявичустың төрағалығымен «Қазақстан темір жолы&r…

22.06.2016

Біздің жұмысымыздың схемасы

  • Клиенттен сұраным түсуі

  • Менеджердің сұранымды өңдеуі

  • Шарт жасасу (қызмет көрсету бөлімі)

  • Операционистердің тарапынан қызметтерді мақұлдау

  • Қызмет көрсету

  • Барлық құжаттарға қол қою

Жиі қойылатын сұрақтарБәрін көру

  • Сайттың қай бөлімінде компанияның жылдық есептерін көре аламыз?

    Жауабын оқу
  • Тасымалдауға өтініш беру үшін орталық офисі мен филиалдар қызметкерлерінің телефон нөмірлері қандай?

    Жауабын оқу
  • Вагон операторының және жүк экспедициясының қызметтеріне тарифтерді қалай алуға болады?

    Жауабын оқу

Әріптестер мен клиенттер

Әріптестер

казтемиртранс кедентранссервис белинтертранс интераил шенбер Трансконтейнер Логистика ОТЛК Космо ДП GR CRCT

Клиенттер

hp АО «Казвторчермет»  грузовая компания екз азык-тулик ТОО «Евразийская Группа» ТОО «Богатырь Комир» АО «ТРАНКО» ТОО ТОРГОВЫЙ ДОМ ТОО «Каражыра»                    ООО «Руссоль»      АО «Арселлор Миттал Темиртау» Астана опера АО «Ульбинский металлургический завод» ТОО «СП ИНКАЙ» ТОО «Каратау»